Халықаралық интеграция

Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы тауар айналымы 5 айда 11,6 млн долларға жетті

Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы тауар айналымы 5 айда 11,6 млн долларға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау24 Шілде , 15:34

Естеріңізге сала кетейік, өңірде «Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасы провинцияларының инвестициялық мүмкіндіктері» атты бизнес-форум өтті. 

«2014 жылы Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасының сыртқы сауда айналымы 35,7 млн доллар болды. 2015 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында бұл көрсеткіш 11,6 млн доларды құрады. Соңғы жылдары Иран мен Маңғыстау облысының мемлекеттік органдары мен кәсіпкерлерінің арасында сауда-экономика, ғылыми-техника салаларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған бірқатар іскерлік кездесулер өтті»,-деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Облыста Иран мемлекетінің қатысуымен экономиканың түрлі салалары бойынша 15 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың арасында көлік-экспедициялық қызметі, су көлігі саласындағы қызметтер, тағам өндірісі, кең ауқымдағы сауда сияқты бағыттарды атауға болады. Тағы бір айта кететін мәселе, облыстың өзге мемлекетпен шекаралас аймағында тұруы себепті көлік-логистикалық және сервистік әлеуеті өте зор.        

Иранның Мазандаран провинциясының губернаторы Рабие Фаллах Джелоудор провинцияның Маңғыстау облысымен байланысы маңызды деп отыр. 

«Бізде қазір сауда-көлік флоты бар. Біз әлі өзіміздің елімізде болған проблемаларға қарамастан көлік инфрақұрылымын дамытуды көздеп отырмыз. Ынтымақтастық деңгейін одан әрі көтеру үшін бізге Сари айлағынан Ақтауға дейін жолаушылар тасымалдайтын бағыт керек. Біз өте нәтижелі келіссөздер жүргіздік және біз екі облыстың мүмкіндіктерін жақсы білеміз. Сондықтан да біз ауыл шаруашылығы, айлақты жөндеу, туризм, көлік, салалары бойынша да ықпалдасуға дайынбыз»,-деді Рабие Фаллах Джелоудор.

 




Яндекс.Метрика