Президент тапсырмаларының орындалуы

Қазақстанда 2013 жылдың соңына дейін электронды жоспарлы тексеріс енгізіледі – Бас прокуратура

Қазақстанда ағымдағы жылдың соңына дейін электронды жоспарлы тексеріс енгізіледі, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингісінде.
Казахстан22 Қазан , 18:35

«Жыл соңына дейін екі жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз – электронды жоспарлы тексеріс пен тексерістің электронды тіркелуі», деді Ж.Асанов.

Оның айтуынша, прокуратура органдары бизнесті қорғауға арналған үш бағыттағы кешенді шараларды іске асыруда.  

«Бірінші кезекте кәсіпкерлікті заңсыз тексерудің алдын алуға арналған», - деді Ж.Асанов.

Ж.Асановтың айтуынша, 2009 жылдан бері облыстық, аудандық және қалалық прокуратура бөлімше орындарында бірінші белгіде кәсіпкерлердің жанынан табылатын мобильді топ құрылған. Сол жерде тексерістің қаншалықты заңды екені анықталады.

Мұның артықшылығы неде? Біріншіден, мұнда адам факторы болмайды. Электронды жүйе тексеріс өткізілуі керек кәсіпкерлікті өзі анықтап, өзі тексеріс жүргізеді. Сонымен электронды тексеріс жүйесі тек заң шеңберінде ғана тексеріс жүргізеді.

«Егер тексеріс жүргізілген болса, осы жұмыстардың қорытындысы болып табылатын акт пен өзге де құжаттар тек кәсіпкердің өзіне ғана айқын болып қоймай, өзге де тексеріс орындарына, сонымен қатар қоғамға жариялануы керек», - деді Ж.Асанов.

Бас прокурордың айтуынша, бұл жобалар процессті тексеру және бақылау органдарын жоспарлаудан бастап нәтижеге дейінгі барлық жұмыстарын барынша ашық етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Бас прокурорға кәсіпкерлікті заңсыз тексеруді тоқтатуды тапсырған. 


 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика