Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз отырысы

Астана қаласы 22 Қазан, 14:23

2013 жылдың 22 қазаны, сейсенбі, сағат  12:00-де  ОКҚ Бас Прокуратураның  төрағасы, Аймақтық даму министрлігінің вице-министрі Серік Жұманғарин, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқару директоры Мирас Бейсембаев шақырылды. Олар 2013 жылы 11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  тапсырмасын  жүзеге асыруын талқылау үшін бас қосты.

Мемлекет басшысы отырыста атап өткендей, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді жолы болып табылады. Алайда, оның жүзеге асуына біраз  шағымдар да түсуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының несиелік қойылымы 43 аудан мен қалада қарастырылмай, кәсіпкрліктер субсидияланбай отыр.

10 аудан мен облыстық маңызы бар  қалада бастаушы кәсіпкерлер үшін бірде бір шағын несие берілмеген. Сондай-ақ,  Мемлекет басшысы атап өткендей, тексеріс кезінде тәртіп бұзу байқалатындығын атап өтті. Осыған орай Президент Бас прокуратураға тексерісті қысқартуды құрастыру мен заңсыз тексеруді бастағандарды жазалауға тапсырыс берді.  

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық көтеру – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша жүзеге асырылған болатын. Бағдарлама 2010-2014 жылдарға  арналған ҮИИД МБ жүзеге асырудың тағы бір тетігі болыр табылады.

Бағдарламаның мақсаты - аймақтық кәсіпкерліктің тұрақтылығын арттыру.

 

 

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика