Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-да ауылдық жерлерде бизнесті жетілдіру үшін тиімді құралдар енгізіледі

Ағымдағы жылдың 11 қазанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тиімділігіне оң бағасын берді. Алайда Елбасы бағдарламаның орындалуындағы кейбір жетіспеушіліктерді көрсетті.
Казахстан22 Қазан , 13:27

ҚР-да Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдық жерлерде бизнесті жетілдіру мақсатында тиімді құралдар енгізіледі, деп мәлімдеді Аймақтық даму вице-министрі Серік Жұманғарин ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингісінде.

«Қазіргі таңда ауылдық жерлерде қолданылып жатқан ең тиімді құралдарды енгізу жоспарланып отыр. Бірінші кезекте бұл гранттар, кепілдендіру құралдары,  микронесиелендіру құралдары», - деді С.Жұманғарин.

Мемлекет басшысы еліміздің кей аймақтарында гранттар секілді қажетті құралдар жеткілікті дәрежеде орындалмай жатқанын айтты.

Вице-министрдің сөзінше, аталмыш құрал тек 2012 жылы ғана енгізілген. Алайда қазірдің өзінде өте кеңінен қолданылуда. Өйткені оған өте аз мөлшерде алғашқы төлем жұмсалады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құжаттарын қарастыру барынша жеңілдетілген. Әр кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп алып кету үшін 3 млрд теңгеге дейін қаржы ала алады.

Айта кету керек, бүгінде 137 бастауыш кәсіпкерге 408 млн теңге көлемінде грант берілген. Әсіресе, Мемлекет басшысы атап көрсеткен облыстардағы кәсіпкерлерге берілген.

«Біз дереу арада мәселені шешу жолдарына кірістік. Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы барлық жерлерде жұмыс істемейді, көбінесе аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде іске асуда», - деді С.Жұманғарин.

 

 




Яндекс.Метрика