Президент тапсырмаларының орындалуы

Құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша жыл соңына дейін 74 тұрғын үйді енгізу жоспарлануда

2013 жылдың соңына дейін 74 тұрғын үй немесе 6 мың пәтер енгізіледі, деп «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма бастығы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.
Астана қаласы22 Қазан , 12:45

«2013 жылдың қазан айы бойынша «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 324 шаршы метр, 5 мың пәтерді құрайтын 69 тұрғын үй енгізілді. Жыл соңына дейін 6 мың пәтерден тұратын 74 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Оған қоса біз қолданықа 34 үйді енгізу жоспарлап отырмыз», - деді А. Жұмағұлов.

А. Жұмағұлов атап өткендей, Шымкент, Өскемен, Қостанай, Қарағандыда Құрылыс жинақ банкінің жинақтаушы жүйесі батыс аймақтарға қарағанда өте үлкен қажеттілік туғызуда. С.Ахметов банктің менеджменті мен аймақтағы филиалдардың қызметін жетілдіруді атап өтті.

«Белсенді жұмыс істеп, жұмысты бастаңдар. Сіздердің қазіргі мақсаттарыңыз барлық әкімдермен белсенді жұмыс жүргізіп, аймақтарға бөліну. Олардың тапсырмасы сіздерге жер ұсыну. Ал жүктелгені құрылысқа дайындау», - деді С. Ахметов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының қатысуымен 11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік проблема баспанамен қамту екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы және құрылыс жинақ банкі бойынша кемшіліктерді атап өтті.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика