Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

ҚР Қорғаныс министрлігі қорғаныс пен әскери қызмет жөніндегі заңдарға өзгерістер енгізеді

ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының қорғаныс мәселелері және әскери қызмет жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Қазан , 12:31

«Аталған заң жобасын әзірлеу қорғаныс және әскери қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларға құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған қарама-қайшылықтарды жоюдың қажеттігінен туындап отыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелердің өкілдері кіретін заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылуда.

 

 

 




Яндекс.Метрика