Адами капитал

Теміртау жас құтқарушылары Әзербайжаннан оралды (Фото)

Теміртаудың SOS Балалар ауылының жас құтқарушылар командасы Әзербайжан Республикасы Гябяля қаласында өткен Халықаралық жарыстан оралды. Жарыс Әзербайжан Республикасының ТЖМ 10 жыл толуына байланысты өткізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Қарағанды 22 Шілде, 09:07

Жеті ұл мен қыз балалар Ресей, Беларус, Молдава, Грузия, Түркия, Польша, Әзербайжан өкілдерімен жарысқа түсті.

Жас құтқарушылар жарысы бірнеше кезеңнен тұрды. Өрт эстафетасында қатысушыларға өрт шарбағынан, бөренеден өтіп, өртке су себетін тұтік құбырды жайып, жалынды өшіріп, зардап шегушіні алып шығу қажет болды. Кедергі жолағында шешуші рөл - жас құтқарушылардың төзімділігі мен ептілігі болды.

Ең қиын кезеңдердің бірі – іздестіру-құтқару жұмыстары. Балалар құздардан тұратын кедергілері бар жолдың 5 шақырымын жүгіріп, қиратындыларды сұрыптап, зардап шегушіні алып шығу, үш сіріңке шиімен от жағу, асылма өткелден өту, бағалы жүк пен бірлескен мәрені іздеу.

Дәстүр бойынша әр команда визит карточкасы арқылы өз елін таныстырды, құтқарушылар жұмысы туралы газет дайындады.

Бірінші рет «Жас сарапшы» интеллектуалды сайысы өткізілді, бұл сайыста біздің балалар бірінші болды.

Біздің команда Грузия, Түркия, Польша командаларын артта қалдырып жалпы есеп бойынша бесінші орынға ие болды.

Жарыстың тығыз кестесінде ұлдар мен қыздарға бір-бірімен танысуға, есте қаларлық Гябяля қ. саяхаттауға, Гябялеленд саябағында ойын-сауық құруға, бассейнге шомылуға уақыт табылды.  

Балалар үйлеріне мадақтамалармен, естелік сыйлықтармен, ұмытылмас әсермен, фотосуреттермен, жанұясы мен достарына базарлықтарымен оралды.

 

 





Яндекс.Метрика