Президент тапсырмаларының орындалуы

Маңғыстау облысындағы несиелік тұрғын үйге игерілмеген 1,8 млрд теңге қайта бөлінеді

Қазақстанның Үкіметі Маңғыстау облысы халқының несиелік тұрғын үй құрылысына игерілмеген 1,8 млрд теңге қайта бөледі, деп хабарлайды Аймақтық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан22 Қазан , 11:34

«Қазақстанның Үкіметі Маңғыстау облысы халқының несиелік тұрғын үй құрылысына игерілмеген 1,8 млрд теңге қайта бөледі», - деп мәлімдеді Қ.Өскенбаев.

Вице-министрдің айтуынша, Астананың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысына бөлінген қаржы да игерілмей жатыр.

«Астана қаласында бөлінген қаржыны жеткіліксіз игеру көрсеткіші 79 пайыз. Оған себеп техникалық бақылау бөлімі тарапынан берілген шағымдарды жою. Мердігерлер жұмыс өндірісі кестесі сақталмайды», - деді Қ.Өскенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Назарбаев бюджет қаржысын игерілмеу мәселесін көтерген болатын. Сонымен қатар «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының орындалуына да сын айтқан.

 




Яндекс.Метрика