Президент тапсырмаларының орындалуы

Семей гарнизонында Мемлекет басшысының Жолдауының жүзеге асуымен танысты

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің «Шығыс» Кешенді ақпараттық-насихаттау тобы өз жұмысын аяқтауда,деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан22 Қазан , 11:31

 17 қазан күні Топ жетекшісі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласовпен бірге Үшарал, Аягөз, Өскемен, Семей қалаларында  ақпараттық-насихаттау тобы гарнизон әскери қызметшілерінің тұрмыс –тіршілігімен, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты атты жолдауында айқындалған міндеттерді орындау барысымен танысты. Семей қаласының жергілікті атқарушы органдаымен байланыс жасап, жергілікті жерде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін талқылады.

Топ жетекшісі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов Семейдегі № 40 мектептің базасында орналасқан алғашқы әскери даярлық орталығында болып Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу мақсатында өткізіліп жатқан «Мен Патриотпын» атты әскерилендірілген кросстың ресми ашылу салтанатына қатысты. Семейлік оқушылар арасындағы жарысқа 31 мектептің оқушылары қатысып, әскери кросстан күш сынасты. Жарыс барысында оқушылардың алыс қашықтыққа жүгірудегі шыдамдылығы, пневматикалық мылтықтан атудағы мергендігі, граната лақтырудағы дәлдігі сынға түсті.

«Елбасымыз Сіздермен, жастармен тәрбие жұмысын жүргізуге ерекше мән береді, азаматтарымыздың жүрегінде отансүйгіштік отын жағу біздің басты міндетіміз», - Оқушы жастар алдында сөз сөйлеген полковник Мұхамеджан Таласов деп  атап өтті.

Осы кездесуде Қарулы Күштеріміздің 21 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері мен алдымызға қойылған міндеттер сөз болды. Ардагерлер мен қала жұртшылығы Кешендік ақпараттық-насихаттау тобының жұмысына ризашылықтарын білдірді.




Яндекс.Метрика