Президент тапсырмаларының орындалуы

2013 жылы ҚР-да «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 285 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

2013 жылы Қазақстанда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 285 мың шаршы метрлік 4 мың пәтер салу жоспарлануда, бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге жоғары, деді Аймақтық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында.
Астана қаласы22 Қазан , 11:08

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада, 11 қазанда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев басты әлеуметтік мәселенің бірі ретінде тұрғын үй мәселесі екенін айтқан. Елбасының айтуынша, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы айналасында шикіліктердің бар екенін атаған. Ол аталмыш бағдарлама арқылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басшылары мен олардың туыстарының жеңілдікпен үй алғанына тоқталған.

«9 айдың қорытындысы бойынша 81,4 мың шаршы метрлік 1372 пәтер қолданысқа берілді. Бұл жылдың жоспардың 29 пайызы. Пәтерлердің дені қараша-желтоқсан айларында берілмек», - деді вице-министр.

Қ.Өскенбаевтың айтуынша, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Пәтерлерді үлестіруде қатысушының жылжымайтын мүлкінің болмауы қарастырылып, тұрмыстық деңгейін жақсарту жағдайларының болмауы ескеріледі. Сонымен қатар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшылары мен олардың туыстарының бағдарламаға қатысуы шектеледі.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика