Жаңа кадрлық саясат

«А» корпусы – саяси элитаның жаңа келбеті

Казахстан06 Тамыз , 00:00

Басқарушылық корпусты жасақтау кәсіби мемлекеттік қызмет құру, мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдар жұмысының сабақтастығын нығайту сынды мақсаттарды көздейді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«А» басқарушылық корпусындағы лауазымы орындарға үміткерлер тек кадрлық резерв есебінен тағайындалатын болады. Жоғары басқарушылық қызметке үміткерлер үшін оларға басқарушылық шешімін қабылдау және стратегиялық әрі ағымдағы тапсырмаларды бірге алып жүру мүндеті жүктелетіндіктен арнайы кәсіби талаптар қойылатын болады. «А» корпусы үшін мансаптық жоспарау, басқа қызметке ауысу мүмкіндіктері қарастырылып, тіпті жалақы төлеу жүйесі де жекеше болады», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет реформаларының алғашқы кезеңінде посткеңестік кеңістікте бірінші болып қабылданған Қазақстан Республикасының»Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы (1999 жыл) келесі жаңашылдықтарды енгізді: мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарын саяси және әкімшілік деп екіге бөлу, мемлекеттік органның саяси жетекшісі ауысқан кезде әкімшілік қызметкерлерді қорғау (министрді, әкімді); мемлекеттік қызметке қабылдар кезде мінетті түрде конкурстық іріктеуден өткізу талабын енгізу.

Мемлекеттік қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету үшін институционалдық база құрылды - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі құзырлы орган, оның аумақтық құрылымдары және облыстардағы тәртіптік кеңестері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың аймақтық орталықтары.

Мемлекеттік қызмет реформалары екінші кезеңінің бағыттары 2011 жылы шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі тұжырымдамасында айқындалған.

2012 жылдың желтоқсанында Мемлекет башысы мемлекеттік қызмет туралы бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді қарастыратын Заңға қол қойды.

Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттік қызметке іріктеу механизмдерін жетілдіру және ашықтығын қамтамасыз ету, кардларды жылжыту кезінде мериократия принциптерін ұстануды қадағалау, кадрлық шешім қабылдау кезінде меморгандардағы лауазымды тұлғалар мен конкурстық комиссияның жауапкершілігін бекіту сынды жаңашылдықтарды қарастырады.

«Мемлекеттік қызмет саласын кәсібилендіруге кедергі болып отырған маңызды міндеттердің бірі мемлекеттік органның бірінші басшысы - министр немесе әкім ауысқан жағдайда кадрлардың «командалық көшіп-қонуы» болып отыр. Сол себепті заңнамалық негізде ауысу тәртібіне сәйкес конкурстан тыс тағайындаулар жүргізу мүмкіндігін мейілінше азайту жайы қарастырылуда», - деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерді бағалау жүйесін енгізу және аттестациялауды жетілдіру шаралары қолға алынып, тағылымдама, жетекшілік, мансаптық жоспарлау сынды ұғымдар пайда болды. 

Реформалаудың тағы бір маңызды бағыты меморгандардағы кардлық жұмыстың тиімділігін арттыру, оның ішінде, ең бастысы, меморгандардағы кадрлық қызметтің рөлін арттыру, сол арқылы оларды шын мәнінде персоналдарды басқару қызметіне айналдыру болып табылады.

Сонымен қатар меморган персоналдарын басқару қызметі туралы типтік ереже қабылдау, олардың жұмыстарының бірыңғай стандарттары мен міндеттерін айқындау, сонымен қатар персоналды басқарудың «е-қызмет» ақпараттық жүйесін құру қарастырылған. Оған қоса осы реформа аясында этикалық және тәртіптік бақылау нормалары да нығайтылуда.

Реформалаудың маңызды бағыты - мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе халықпен және бизнеспен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын мамандардың қызметін регламенттей отырып, сол арқылы мелекеттік қызметтің сапсын арттыру. 




Яндекс.Метрика