Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Қазақстан мен Сингапур екіжақты тиімді инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа дайын

Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Аймақтық даму министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапурдың Канцелярия Премьер-Министрі, сыртқы істердің екінші министрі мен қоршаған ортаны қорғаудың екінші министрі Грейс Фумен кездесті, деп ҚР Аймақтық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан22 Қазан , 10:53

«Біз сингапурлік компаниялардың Қазақстан нарығына енуін қолдаймыз. Инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға өз септігін тигізетіндігіне сенімдімін», - деді ҚР Бірінші вице-премьері кездесуде.

Ведомствоның хабарлауынша, екі жақ та Қазақстан ұсынған «Жасыл көпір» мен «Expo-2017» аймақаралық бағдарлама серіктестігіне қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мен Сингапур халықаралық сұрақтарда ұқсас позияцияны ұстанатындығын атап айтты.

Екі ел арасында саяси диалог құрылған, көлік,құрылыс және инфрақұрылым саласы бойынша ынтымақтастық дамуда.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика