Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

Елордада алғашқы «AMF 2013» Астана медицина форумы өтуде

Бүгін Астанада «AMF 2013» 1-інші Астана медицина форум-конференциясы аясында өтетін денсаулық сақтау бойынша халықаралық «Astana Zdorovie 2013» 10-ыншы мерей той Қазақстан көрмесі басталды, деп хабарлайды «Көрме» көрме орталығының баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Қазан , 10:41

«Басты медицина көрмесінде лабораториялық, диагностикалық қондырғылар, ортопедия, реабилитация, оптика мен офтальмология қондырғылары, дәрілік препараттар, арнайы құралдар, медициналық бұйымдар, киімдер мен денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар ұсынылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көрмеге ауруханалар, дәріханалар, жедел-жәрдем қызметі, медициналық және тіс дәрігерлігі орталықтары өз өнімдерін алып келеді.

Жыл сайын мыңдаған мамандар көрме аясында жаңа технология және өнімдермен танысып, өзара әріптестік құрып, тәжірбие алмасады.

Айта кету керек, «Astana Zdorovie» көрмесін өткізген 9 жыл ішінде аталмыш шара денсаулық сақтау саласында айтарлықтай маңызға ие болды. Бұл өз кезегінде дәрігерлерге, ірі медициналық бірлестіктерге, кәсіпкерлер мен саясаткерлерге денсаулық сақтау саласының мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін себепке айналды.

 




Яндекс.Метрика