Салық саясаты

Алматыда 2013 жылы салықтық түсімдер 63 млрд теңгеге көбейді

Алматы қаласының салық департаменті 2013 жылдың 9 айы бойынша салық түсімі 835,3 млрд теңгені құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 63 млрд-қа өсті, деп Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы22 Қазан , 10:38

«2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда өсу көрсеткіші 108,2 пайызды құрады», - деп хабарламада нақтыланған.

Ірі кәсіптен түскен салық 271 млрд теңге, шағын кәсіптен – 195 млрд теңге, кіші бизнестен – 217,3 млрд теңгеге тиесілі. Жеке кәсіпкерліктен түскен салық 2013 жылы 2,6 млрд теңгеге жоғарылап, 14,4 млрд теңгені құрады.

Әкімдіктің мәліметінше, ең үлкен түсім сауда саласында болып отыр (33,4%), және құрылыс саласы  (8%). Салықтардың жалпы құны 2013 жылы 36 млрд теңгені құрады.

Оған қоса, көлік саласынан 23,5 млрд теңге, қозғалмалы капитал – 3,2 млрд теңгеге өскен.




Дерекнама

Яндекс.Метрика