Президент тапсырмаларының орындалуы

Бас прокуратура өкілі мен Аймақтық даму вице-министрінің қатысуымен ОКҚ баспасөз конференциясы өтеді

Сейсенбіде, 22 қазанда сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметіне Бас прокуратура өкілі мен аймақтық даму вице-министрі Серік Жұманғарин, сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры басқарма директоры Мирас Бейсембаев шақырылды.
Астана қаласы22 Қазан , 10:29

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Н.Назарбаев ҚР-да «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуына қатысты шағымдардың көбейгенін айтты. Оның айтуынша, бірқатар өңірлер аталмыш бағдарламаға арнайы бөлінген қаржы жетіспеушілігіне ұшырауда. Отырыс барысында Елбасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік секілді құралдар тиімділігінің төмендігін де атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – аймақтардағы экономиканың шикізаттық емес секторындағы кәсіпкерліктің тұрақты өсімін қамтамасыз ету болып табылады, сонымен қатар қазіргі жұмыс орындарын сақтай отырып тағы да жаңа жұмыс орындарын ашу.

Сейсенбіде, 22 қазанда сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратура өкілі мен аймақтық даму вице-министрі Серік Жұманғарин, сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры басқарма директоры Мирас Бейсембаев 2013 жылдың 11 қазанында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау барысын түсіндірді.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика