Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Фин қоғамы ҚР Президентінің антиядролық бастамасына қызығушылық білдіруде

Хельсинкидегі «Ядросыз жол: Ядролық қарусыздану үлгілері» атты халықаралық конгрессте Қазақстанның ядродан бас тарту тарихы пен ҚР Президентінің қазіргі антиядролық бастамасы айтылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде22 Қазан , 09:52

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси ерік-жігерін көрсете отырып Қазақстанның «ядролық клуб» мүшелігінен бас тартты»,- деді ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Роман Василенко фин қоғамы  алдында сөйлеген сөзінде.

Ол Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы мен әлемдегі төртінші ракета-ядролық арсеналдан Қазақстанның бас тартуы аймақтық және әлемдік ядродан бас тарту мен қарусыздануда жаңа бастама алып келді.

Хабарламада айтылғандай, халықаралық конгреске қатысушылардың айрықша қызығушылығын туғызған «АТОМ» жобасы болды. Ол әлемді ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды жоюға шақырды. Жобаның онлайн-петециясына қазірдің өзінде 100-ден астам ел қол қойды.

«Біз бұдан жоғары жетістіктерге жетуіміз керек. Сол үшін біз әлем елдерін «АТОМ» жобасын қолдауға және ядролық қарусыздануды бәріміздің үшін басты мақсат болуына шақырамыз», -  деді Р.Василенко.

 

 




Яндекс.Метрика