Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Жамбыл облысында Қырғызстанның мәдени күндері өтті

Жамбыл22 Қазан , 09:40

Қырғыз елінің Қазақстандағы мәдени күндері аясында Тараз қаласында да үш күн бойы қырғыз мәдени күндері өтті. Ол Шыңғыс Айтматовтың туылғанына 85 жыл толуына байланысты болды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Бір айға созылған ауқымды шараның Тараз қаласындағы жабылу салтанатына Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясының «Камбаркан» фольклорлық – этнографиялық тобы келді. Екі елдің филорманиясының  өнерпаздары қонақтармен тәжерибе алмасу мақсатында кездесу өткізді. Шара барысында екі жақтың мәдени қарым – қатынасы ғана емес, сондай – ақ ішкі, сыртқы және гендрлік саясат та талқыланды», - деп хабарламада нақтыланған.  

Кеште 27 жыл бұрын құрылған халық аспаптар ансамблі «Манас» жырын жаңа мақаммен орындады. Сонымен қатар, өнер сүйер қауымға айыр қалпақты адамдар шығармашылығын паш етті.

Қырғызстанның Қазақстандағы Мәдениет күндерінің көне Тараз жеріндегі көрерменге қалдырған әсері көп. Екі елдің мәдениеті мен өнері астасып жатқан бұл күндердің қорытындысы Алматы қаласындағы  Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика