Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Ақмола облысында Абылай ханға ескерткіш қойылды

Ақмола облысы Егіндікөл ауылында ұлы қолбасшы Абылай ханға ескерткіш қойылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола22 Қазан , 09:30

«Мрамордан жасалған 3,5 метрлік монумент аудан орталығының орталық алаңына өзіндік сән берді. Бюстің авторы атақты мүсінші, ҚР суретшілер одағының мүшесі Мәлік Жүнісов», - делінген хабарламада.

Шараға аудан орталығының көпшіліні жиналды. Жергілікті тұрғындар мен қонақтарға арналып киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Театр ұжымы тарихи тұлғаға арналған театрландырылған қойылым ұйымдастырды.

Айта кету керек, бюсті дайындауға жергілікті кәсіпкер Әбілқайыр Ошақбаев демеушілік жасады.

 

 




Яндекс.Метрика