Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Жамбыл облысында Ұлттық тағам құртқа - халықаралық деңгейде патент алынды

Жамбыл22 Қазан , 09:27

«Меркі» сыр зауыты»  халықаралық авторлық құқық алды.  Енді сүт өнімдерін шығаратын зауыт құртқа түрлі жеміс шырындарын қосып нарыққа шығаруды көздеп отыр, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – құрт. Осы сүт өніміне «Меркі» сыр зауыты»  халықаралық авторлық құқық алды. Ұжымға патент алу оңай  соқпаған. Енді сүт өнімдерін шығаратын зауыт құртқа түрлі жеміс шырындарын қосып нарыққа шығаруды көздеп отыр», - деп хабарламада нақтыланған.

Меркі ірімшік зауыты құртқа патент алу үшін жарты жылдай зерттеулер жүргізіпті. Лактозалық цехты іске қосудың нәтижесінде сары судан қою тұнба алынған. Лаборанттар альбуминдік тұнба деп атайтын заттан жаңаша,  дәмі тамаша құрт алыныпты.

Меркідегі зауыттың  80 жылға жуық тарихы бар. Отыздан аса сүт өнімдерін шығаруда.  Құртқа патент алған ұжым оған жеміс шырындарын қосу арқылы дәмін түрлендірмек.

Сонымен қатар, 15-ке тарта  ірімшік түрін өндіріп отырған зауыт нарықта отандық өнімнің үлесін арттыруды көздейді. Халықаралық деңгейде патент алған қазақ құртын да әлемдік нарықта брендке айналдыру жоспарда бар.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика