Президент тапсырмаларының орындалуы

Көлік және коммуникация министрлігі жол құрылысына жаңа технологияларды енгізуді қолға алады

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев жол құрылысына жаңа технологиялар енгізілетінін мәлімдеді.
Казахстан21 Қазан , 19:54

Қазірдің өзінен бастап ведомствода жаңа технологияларды біздің климаттық жағдайға қарсы сынақ жұмыстары жүргізілуде.

11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жол сапасын сынаған болатын. Елбасының айтуынша, бүгінде аз шығын арқылы сапалы жол салуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар жол құрылысына мүлде пайдаланылмайды.

Көлік және коммуникация министрлігі жақын арада Елбасы көрсеткен барлық кемшіліктерді түзетуге ниетті. Бүгінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев аталмыш ведомствоның атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

«Жаңа технологияларды қолдану туралы сын айтылды. Осы мәселеде қиындықтар бар. Жаңа технологиялардың инновациялық материалдары мәселесімен айналасатын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Аймақтық даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды», - деді Асқар Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда жол төсеуін бақылайтын 40 сынау алаңы жұмыс істеуде. «СларриСил» секілді кей жаңа технологиялар қазірдің өзінде қолданысқа енгізілген.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отрысында айтқан монолитті темірбетонды көпір құрылысының технологиясына келер болсақ, А.Жұмағалиевтің айтуынша, ол қазірде ОҚО мен Қызылорда облыстарында пайдаланылуда.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика