Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-да арнайы топ жол құрылысына заманауи технологияларды енгізеді

Қазақстанда арнайы үкіметтік топ құрылды. Оның мақсаты жол құрылысына жаңа технологияларды зерттеу және енгізу болып табылады.
Казахстан21 Қазан , 18:21

11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы құрылыс саласында жаңа технологиялар енгізу есебінен күрделі шығындарды арзандату әрі сапасын арттыру бойынша жұмыстардың нашарлығын сынға алған болатын. Осының салдарынан жаңадан салынған жолдар пайдалануға берілгеннен кейін келесі жылы-ақ қайта жөндеуді қажет етеді.

«Жұмыстар екі бағыт бойынша, атап айтқанда, көпір құрылыстарының сапасы бойынша және инновациялық материалдарды пайдалынуды енгізу бойынша жүргізілуде. Көпірлердің монолиттік құрылысын дамыту бойынша құрылыстың құнын арзандату, құрылыс жұмыстарының мерзімін қысқарту қарастырылып отыр. Жергілікті жол желілеріне жеңілдетілген «жабынды» технологияларын енгізудің арқасында құрылыстың құнын арзандату, жергілікті материалдарды мүмкіндігінше молынан пайдалану, құрылыс үрдістерінің энергия шығынын азайту қарастырылған. Екі бағыт бойынша нормативтік база жетілдіріледі, кадрлар дайындалады, өзекті мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі», - деді баспасөз мәслихатында А.Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, жаңа технологияларды ендіру үшін 40 сынақ алаңында мониторинг жүргізілуде.

«40 сынақ алаңы бойынша автолжол жобаларын іске асыру кезінде асфальттың сапасын арттыру үшін асфальтбетонға полимер қоспалар қосылуда, өңірлердің климаттық ерекшеліктері ескерілуде. Оған қоса, асфальт сапалы және төсем тегіс болуы үшін қоспалар қолдану, жолдың пайдалану мерзімін 30 жылға дейін ұлғайту мақсатында цемент-бетон қоспасын төсеу, темірден жасалған гофрланған көпірлер мен құбырлар қолдану, құрылыстың беріктігін арттыру үшін геосинтетикалық материалдар пайдалану шаралары қолға алынып жатыр», - деп толықтырды министр.

 




Яндекс.Метрика