Адами капитал

Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшілері ТМД елдерінің І Армиялық ойындарына қатысуға дайындалуда (Фото)

Спорт – қазақстандық әскери қызметшілер қызметінің ажырамас бөлігі болып саналады. ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері әлемдік ауқымдағы жарыстарға сәтті қатысып, қазақстандық армия лайықты танытуда және әрдайым дене даярлығының жоғарғы деңгейін көрсетеді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 17 Шілде, 15:02

Бүгінде Құрлық әскерлерінің әскери институтында жеке құрамы ағымдағы жылдың 24 шілдесі мен 1 тамызы аралығында Мәскеуде өтетін ТМД қатысушы елдердің Бірінші армиялық ойындарына қатысу үшін даярлықтан өтіп жатыр.

Әскери институттың жеке құрамы қалалық, аудандық, республикалық, Қарулы Күштер және халықаралық ауқымдағы жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсақ, 2008, 2009, 2011, 2013 және 2014 жылдары институттың құрама командасы ҚР Қарулы Күштерінің спартакиадасында бірнеше рет чемпион атанды.

Бұдан өзге, былтырғы жылы Эквадорда өткен Дүниежүзілік Кадет ойындарына Қазақстанның құрамы командасында институттың 21 әскери қызметшісі қатысқан болатын. Аталған әскери оқу орынның курсанттарына дене даярлығын жетілдіру үшін барлық жағдай жасалған. Оның ішінде жазғы стадион, 2 спорт қалашығы, ашық аспан астындағы бассейн және спорт кешені қызмет етеді. Сонымен қатар, әр курсантқа бос уақытында бодибилдингпен айналысуына спорт бұрыштары қарастырылған.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика