Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

ОҚО-да мақта өңдейтін зауыт ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына енген нысанның бірі «Ұзын ата мақта» ЖШС мақта өндірісімен айналысатын зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан21 Қазан , 20:00

«Зауыт құрылысы Шардара ауданының Ұзын ата елді мекенінде 2012 жылы басталған болатын. Мекеме қуаттылығы жылына 40-45 мың тонна тазартылмаған мақтаны өңдейді. Зауыттың жалпы құны 900 млн астам теңгені құрап, оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 700 млн. астам теңге (5 млн АҚШ доллары) қаржыны «Еуразиялық» банк арқылы жылдық 7%, 7 жыл мерзімге алған», - деп хабарламада нақтыланған.

 Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына енгізілген жалпы соммасы 448 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба жүзеге асырылып, соның арқасында облыс аумағында 19 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында облыстан Индустрия және жаңа технологиялар министірлігіне жалпы соммасы 600 млрд. теңгені құрайтын 104 жоба қосымша жіберілді. 

2010-2012 жылдары облыс аумағында 58 жоба іске қосылып, 5 236 жаңа жұмыс орындары құрылған. 2013 жылы 50 жаңа жобаны іске қосып, 4 569 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Үстіміздегі жылда 8 ірі жоба іске қосылып 598 жаңа жұмыс орны ашылған болатын.

Үстіміздегі жылы аталған зауыт ҮИДБ енгізілді. ҮИДБ кәсіпорындардың бәсекелестілігін арттыруға, өндірісті модернизациялауға бағытталған.  

 




Яндекс.Метрика