Парламент

ҚР Парламентариясы Хорватиядағы НАТО ПА сессиясына қатысты

Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов пен сенатор Мұхтар Алтынбаев Дубровникте өткен (Хорватия) НАТО Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 59 сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі.
Әлемде21 Қазан , 18:30

«11-14 қазанда өткен сессия барысында НАТО мен Орта Азия әріптестігін ескеріп қауіпсіздік бойынша кең спектрлі мәселелер, Сирия дағдарысы, 2014 жылы әскер шығарылуынан кейінгі Ауғанстандағы НАТО-ның рөлі, стратегиялық қорғаныс және өзге де мәселелер қаралды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сессияда Сирия мәселесіне тоқталды. НАТО Бас хатшысы А.Ф.Расмуссен Сирия мәселесінің қару қолдану арқылы шешілмейтінін баса айтып, Сирия дағдарысына дипломатиялық шешімдер жол болатынын айтты.

Бұдан бөлек сессияда екіжақты кездесулер ұйымдастырылды. НАТО ПА президенті Х.Бэйлимен кездесуде Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қосқан үлесі айрықша аталып, НАТО-ның Ауғанстанның жүк тасымалында Қазақстанмен әріптестігінің жемісі айтылды.

Айта кету керек, әлемнің 28 елінен 340 парламентария қатысты.

 

 




Яндекс.Метрика