Шағын және орта бизнесті дамыту

Астанада Бизнес Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу бойынша семинар өткізілді

Астанада БҰҰ жанындағы Халықаралық сауда орталығының (ХСО) шетелдік кеңесшілерінің қатысуымен мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар өкілдеріне арналған «Қосылған құн тізбегін талдау және нысаналы нарықтарды анықтау» тақырыбы бойынша оқыту бизнес-семинары өтті, деп «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы21 Қазан , 17:40

«KAZNEX INVEST оқыту семинарларының топтамасын ҰЭС-ны әзірлеу шеңберінде өткізуде. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша ҰЭС сауда қызметін жүргізу, отандық экспортты дамыту және оны халықаралық нарықтарға ілгерілетудің ұлттық алгоритмін қалыптастыруға арналған тиімді құрал болып табылады», - деп хабарламада нақтыланған.

 Семинар-тренингтің негізгі мақсаты — өнімді бастапқы шығарудан бастап оны шетелдік нарықтарға мақсатты түрде соңына дейін маркетингілеуге дейінгі экспорттаудың үрдістерін Қосылған құн тізбегін (ҚҚТ)* ескере отырып талдау және құрылымдау.

 «Өнімді өткізу жоспарын құру және оны талдау құралдарының бірі экспорттық қызметтің бүкіл үрдісін қамтитын қосылған құн тізбегі болып табылады. ҚҚТ-н талдау айқын құрылымы бар және жүйелі болуы керек – бұған ұсыныс пен сұранысты талдау, инфрақұрылымды, оның ішінде тасымалдау, құрал-жабдық, технологиялар, еңбек қорлары және тағы да өзге өндірістік үрдістерді зерттеу жатады. Осылайша бұл жұмыс  қосылған құн салығы қандай тізбектерден тұратынын, оның құрамындағы қай үрдістер бастысы болып табылатынын және қай жерде тиімділікті арттыруға болатынын қарап шығуға мүмкіндік береді», - деп Халықаралық сауда орталығы Экспорттық стратегия департаментінің бас кеңесшісі  Эрик Бучот хабарлады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика