«2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жылға дейін бала бағу мен бала туу декреті кезінде жұмыс істеуші әйелдерге міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялауды енгізу жобасы жоспарлануда. Бұл ретте 10 пайыз жарнаның 4 пайызы міндетті әлеуметтік кепілдендіруден әлеуметтік төлемге бөлінеді. Ал 6 пайызы бюджеттік қаржыдан алынады. Міндетті әлеуметтік кепілдемеден әлеуметтік төлем жағдайын ескере отырып, бюджеттен қосымша төлемдер әлеуметтік төлем шектеуі кірісінен ұсталады», - деді министр.
Министрдің айтуынша, бұл бастама алдымен бір жылға дейін бала туу бойынша жұмыстан кеткен жұмыс істейтін әйелдердің зейнетақы қорын өсіру мақсатында жасалынбақ. Бұл өз кезегінде зейнетақымен қамсыздандырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді.