Ең төменгі әлеуметтік стандарт

ҚР халқының 41%-ы 30 бен 75 мың теңге көлемінде жалақы алады

2013 жылдың маусым айындағы бір уақыттағы зерттеу нәтижесі бойынша, республиканың көптеген жұмыскерлерінің айлық жалақысы 30 бен 75 мың теңге аралығында екені анықталды,деп хабарлайды ҚР Статистика Агенттігінің баспасөз қызметі.
Казахстан21 Қазан , 16:25

«30 мың теңгеге дейінгі айлық орта жалақы алатындар 8,7 пайызды құраса, 30 бен 75 мың арасында айлық алатындар саны 41,6 пайызды құрайды. Ал 75 пен 105 мың аралығында жалағы алатындар 19,9 пайыз. 105 пен 150 мың теңге алатындар 15,3 пайыз. 150 мен 240 мың айлық алатындар 8,9 пайыз, ал 240 мыңнан жоғары жалақыға ие азаматтар саны 5,6 пайызды құрайды», - делінген хабарламада.

30 бен 75 мың теңге аралығындағы жалақыны Солтүстік Қазақстан облысы халқының 51,6 пайызы алса, Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында 27 пайыз.

330 мыңнан астам жалақы алатындар саны ең көп Маңғыстау (12,9 пайыз) мен Атырау (10,2 пайыз) облыстарында.

 

 

 




Яндекс.Метрика