Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Жолдаудың барлық тармағында ҚР жас азаматының жағдайына мән берілген – «Қазхром» маманы

Осы Жолдаудың барлық тармағында маған, яғни Қазақстан Республикасының жас азаматына қатысты мәселелер көтерілген. Саяси аспектілер, ел қауіпсізігі, жемқорлықпен күрес, бірлікті нығайту, ықпалдастықты дамыту, осы мәселелердің барлығына бейжай қарау мүмкін емес, себебі бұл біздің күнделікті өміріміз, деді «Қазхром» ТҰК» АҚ бөлімшесі - Дон тау-кен байыту комбинатының технологы Евгений Смоквин.
Ақтөбе15 Желтоксан , 00:00

«Индустрияландыру және инновациялық даму маған еліміздің ірі тау-кен байыту кәсіпорны – Дон тау-кен байыту комбинатының жұмысшысы ретінде маңызды. Ал болашаққа, 2050 жылға деген сенімді көзқарас бізге алға дамуға, алаңдамай еңбек етуге мүмкіндік береді», - дед Е.Смовкин.
«Біз, жастар Қазақстанның ең үздік кәсіпорнында жұмыс істейміз! Себебі ENRC корпорациясының құрамындағы «Қазхром» компаниясы дүние жүзінде өндіріс және ферроқорытпаларды жеткізу көлемі бойынша екінші орынға және хром кенінің сапасы бойынша бірінші орынға ие. Сондай-ақ, біз өзіміздің адал еңбегіміз арқылы еліміздің дамуына және «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыруға үлкен үлес қосып жатқанымыз үшін мақтанамыз», - деді ол.




Дерекнама

Яндекс.Метрика