Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-да бірінші санаттағы жолдар саны артады – А.Жұмағалиев

ҚР-да бірінші санаттағы жолдар саны артады, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.
Казахстан21 Қазан , 16:19

«Біз жол-көлік оқиғаларына алып келетін төменгі сападағы жолдың беткі қабатын білеміз. Алайда осыған қарамастан мәселені шешуге міндеттіміз. Бірінші санаттағы жолдардың құрылысын қолға алатын боламыз. Астана-Щучинск секлді өлім-жітім деңгейін 22 есеге дейін төмендететін автожолдарды салатын боламыз. Мұндай жолдар барынша қауіпсіз, біз осыған ұмтыламыз», - деді министр.

Статистикаға сүйенсек, барлық апаттың 91 пайызы жүргізушілердің кесірінен орын алса, жүргіншілердің қателігінен апаттың 8 пайызы болады екен. Тек 0,8 пайызына ғана жол жағдайының нашарлығы себеп болатын көрінеді. Ал көлік ақауынан болатын ЖКО 0,2 пайызды құрайды, деді А.Жұмағалиев.

Министр өз әріптестерімен бірге 11 қазанда Мемлекет басшысы тапсырған автожолдардың сапасын арттыру тапсырмасын орындау мақсатында максималды түрде жағдай жасауға уәде берді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика