Ұлттық интеллигенциясының рөлі

Қызылорда облысында «Kazakhstan – Terra Incognita» белгісіз туристік бағыт бойынша республикалық жоба іске қосылды

«Kazakhstan – Terra Incognita» жобасының алғашқы экспедициясы Қызылорда облысын зерттеуге шықты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда21 Қазан , 16:16

«Экспедиция Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау және олардың туристік потенциялын көтеру мақсатымен ұйымдастырылды. Өйткені облыстың барлық тұрғыны өңірдің тарихи ерекшеліктерін толыққанды біле бермейді. Мысалға, тылсымға толы Барсакелмес, Бегім ана мазары мен көне қала Шірік-рабат пен Сығанақ жайлы екінің бірі біле бермейді», -делінген хабарламада.

Қызылорда облысы бойынша экспедицияны «Қазреставрация» кәсіпкерлігі ғылыми-зерттеу жобалау филиалы директоры Садуақас Ағытаев басқарады. Экспедиция құрамында этнографтар мен археологтар, музыка танушылар, фотографтар мен журналистер, арабист-ғалымдар, блогерлер мен тағы басқалар бар. Олар қызықты орындарды суретке түсіріп, әр өңірдің дәстүрлі әндерін жинап, өңірдің мәдени-географиялық ерекшеліктерін зерттейді.

Жұмыс қорытындысы бойынша альбом-кітаптар басып шығарылмақ, ғылыми-көпшілік деректі фильмдер түсірілмек.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика