Президент тапсырмаларының орындалуы

Көлік және коммуникация министрі қазақстандық жолдарға кері әсер ететін факторларды атады

Өздеріңізге белгілі болғандай жақынға өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Көлік және коммуникация министрлігінің жұмысына сын айтқан болатын. Президент әсіресе, қазақстандағы жол құрылысына жаңа технологиялардың қолданылмайтынын және жол сапасының нашарлығын сынға алған.
Казахстан21 Қазан , 16:04

«Әлемдік рейтингте 1000-1500 км-ден салғанымызға қарамастан, біз 144 елдің ішінде 117-ші орындамыз. Міне, біздің бағамыз», - деді Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Дүйсенбіде ОКҚ брифингінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев аталмыш саладағы қиындықтардың басты факторларын атады.

«Бұл салада бірқатар қиындықтар бар: заң шығару базасының кемшіліктері мен басқару құрылымы, жөндеу жұмыстары сапасының төмендігі, жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы 33 пайыз, жөндеу жұмыстарына қаржыландырудың жетіспеушілігі, жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуы, жолдарда қауіпсіздіктің жеткілікті дәрежеде сақталмауы мен қызмет көрсету желілерінің аздығы», - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда республикадағы автожолдар бюджеті 310 млрд теңгені құрайды. Ал жөндеу жұмыстарымен 5 898 км жол қамтамасыз етілген.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика