Президент тапсырмаларының орындалуы

2020 жылға қарай еліміздегі жалпы қолданыстағы жолдарды 78 пайызға дейін жақсы деңгейге жеткізілетін болады

2020 жылға қарай еліміздегі жалпы қолданыстағы жолдардың 78%-ын жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізетін боламыз, деп ОКҚ-нің баспасөз отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.
Казахстан21 Қазан , 15:57

«Біз қаржыландырудың тапшылығы туралы айтқанымызбен, 2001 жылға дейін автомобиль жолдары тіптен қаржыландырылған жоқ десе де болады. 2001 жылы бөлінген қаржыға 2,5 мың км жолға жөндеу жұмыстары ғана жүргізілді. Онда да қолданыстағы жол желілерін ұстап тұру үшін орташа және шұқырларды жамау секілді жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. 2009 жылдан бастап бұл саланы қаржыландыру бірнеше есеге артты», - деп жазбада нақтыланған.

Ағымдағы жылы біз 5898 км жолға (оның 3485 км республикалық маңызы бар жолдар) жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Оның ішінде 2315 км-не реконструкция жұмыстарын жүргізсек, 58 км жол күрделі жөндеуден өтті.

«Біздің жолдар құйылғаннан кейін бір жылдасын жөндеуді қажет етіп тұрады. Оның ішіне Елорданың да тас жолы кіреді. Қорытындысында, 144 елдің ішінен жолдың сапалығы бойынша 117 орынды алып отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірлеп жатқан Көлік инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында біз 2020 жылға қарай еліміздегі жалпы қолданыстағы жолдардың 78%-ын жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізетін боламыз. Сондай-ақ 29 000 км астам жолды жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етеміз.

 

 

 




Яндекс.Метрика