Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Атырау облысында 2013 жылдың 1 қыркүйегі бойынша саяси партиялардың 9 филиалы ашылды

Атырау21 Қазан , 15:51

2013 жылдың 1 қыркүйегіне  облыста 9 саяси партиялардың филиалдары тіркелген. Құрамында 29 мыңнан астам  мүшесі бар «Нұр Отан» партиясы көшбасшылық дәрежесінен ауытқымай келеді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 ««Ақ жол» және Қазақстан коммунистік халық партиясы филиалдары жұмыстарын жоспарлы ұйымдастырып, облыс  көлеміндегі қоғамдық саяси шараларға белсене араласуда», - деп хабарламада нақтыланған.  

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының 2013 жылға арналған   мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға  14 үкіметтік емес ұйым қатысты.

Аталған жобаларды арнайы мамандандырылған «Қоғамдық пікір» зерттеу институты» ЖШС-гі (Астана қаласы), «САНА» ЖШС-гі (Ақтөбе қаласы) жүргізуде.

Осыған орай, 2013 жылы жергілікті мемлекеттік органдар тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қадағалау, еңбек қатынастарын, соның ішінде лайықты еңбекақы төлеу жүйесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіру, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын әрі қолжетімділігін арттыру, халықтың саяси-экономикалық және құқықтық сауаттылығын арттыру, діни ахуалды реттеу, т.с.с. шаралардың кешенді  жүзеге асуын  ұдайы бақылауда  ұстап, алдағы уақытта анықталған кемшіліктердің алдын алу  бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика