Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Ақмола облысында қазақстандық-беларусь әріптестігі аясында 3,8 млрд теңгені құрайтын ауылшаруашылық техникаларын өндіретін нысанның құрылысы басталды

Ақмола облысында қазақстандық-беларусь әріптестігі аясында 3,8 млрд теңгелік ауылшаруашылық техникаларын өндіретін нысанның құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола21 Қазан , 15:26

Айта кету керек, Ақмола облысы әкімі Қосман Айтмұхаметовпен ҚР-дағы Беларусь Республикасы Елшісі Анатолий Ничкасовтың кездесуі барысында 3,8 млрд теңгенің ауылшаруашылық және коммуналды техника өндіретін жобаны талқылады.

«Ақмола облысында қазақстандық-беларусь әріптестігі аясында «Қазақстандық агроинновациялық корпорациясы» ЖШС арқылы 3,8 млрд теңгелік ауыл шаруашылық және коммуналдық техникалары жобасы қолға алынуда. Қазіргі уақытта 6 га жер телімі беріліп, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары дайындалды, басты мердігері «Имстальком» АҚ болып табылатын нысан құрылысы басталды», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде беларусь жағы аталмыш жобаның іске асуына ат салысатын төрт ірі машина құрылысы кәсіпкерлігін анықтады.

Сонымен қатар, әріптестіктің тағы бір жемісі Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы ет қайта өңдеу зауытың құрылыс жобасы болды. 




Яндекс.Метрика