Технологиялар трансферті

Қазақстандық делегат электронды үкімет жөніндегі ғаламдық форумға қатысады

Қазақстандық делегация бүгін өз жұмысын бастаған электрондық үкімет жөніндегі ғаламдық форумға қатысуда. Биыл аталған форум электрондық басқарудың (ICEGOV) теориясы мен тәжірибесі жөніндегі 7- халықаралық конференциясымен бірге өткізілуде. Екі шара да Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен қазанның 21-і мен 25-і аралығында Сеулде өтуде, деп Көлік және коммуникация қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде21 Қазан , 14:41

«Мемлекеттік құрылым, іскер топтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері – әлемнің 40 елінен жиналған 1000 астам қатысушылар электрондық үкіметтің ролі мен маңызы, жаңашылдықтары туралы пікір алмасу,  ой бөлісу  үшін Оңтүстік Корея астанасында  бас қосты. Басты тақырып – «Ақылды үкімет және қоғам: ашықтық, пікір алмасу, коммуникация және әріптестік»», - деп хабарламада нақтыланған.

Аталған талқылауларға Қазақстанның атынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері  агенттігі қатысады. Негізгі  пленарлық отырыстарда сөз сөйлеумен қатар, қазақстандық тарап ұлттық ақпараттық  саясат «Ақпаратты Қазақстан -2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сессия өткізеді.

Сондай-ақ, іс-шаралар аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы меморандумды талқылау жоспарланған. Меморандум  е-үкіметті дамыту  саласында тәжірибе алмасумен қатар, келесі форумды ұйымдастыруға  дайындық жүргізуде  өзара әріптестік орнату мәселесі  қарастырылған.




Дерекнама

Яндекс.Метрика