Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-да 2013 жылдың қазан айы бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің 710 шақырымы қолданысқа енгізілді

ҚР-да 2013 жылдың қазан айы бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің 710 шақырымы қолданысқа енгізілді. Бұл жайында бүгін Орталық Коммуникациялвр Қызметінің баспасөз отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағұлов мәлімдеді.
Казахстан21 Қазан , 15:00

«Автодәліздің құрылысы 2011 жылы басталып 215 шақырымы құйылған, ал 2012 жылы 700 км болса, 2013 жылдың қазан айында 710 км төселді, жоспарда 806 шақырым», - деп А.Жұмағалиев атап өтті.

Айта кетерлігі, жобаның жоспары бойынша арақашықтық 2 787 шақырымды құраған. Оның 2 452 км-і қайта жаңғыртуға бағытталған. Көлікдәлізін 2015 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Ағымдағы жылы тас жолдың 1 854 шақырымы жүзеге асырылуда. Оған: Алматы -Қорғас - 304 км, Жамбыл облысы – 79 км, Тараз-65 км. Ағымдағы жылы қосымша 100 км Ташкент-Шымкент жолының құрылысы жүргізіледі.Аталмыш жобаға 60 жолдың құрылысына 35 мың адам тартылып, 4,5 мың техника бірлігі жұмыс жасауда», - деп А. Жұмағалиев түйіндеді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика