Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-да 40 сынау учаскесіне жаңа технологиялар енгізілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу мақсатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тарапынан 40 сынау учаскесіне мониторнинг өткізілді, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.
Казахстан21 Қазан , 14:50

«Жұмыстар екі бағыт бойынша жүргізілуде: өткел құрылысы сапасы мәселесі бойынша және инновациялық материалдарды енгізу мәселесі бойынша. Көпірлердің монолитті құрылысын дамытуда құрылыс жұмыстары бағасын арзандату мен құрылыс уақытын азайту қарастырылған. Жергілікті желі үшін жеңілдетілген жол «киімін» құрастыруды енгізуде құрылыс бағасын арзандату, жергілікті материалдарды барынша молынан пайдалану, құрылыста энергошығынды азайту қарастырылған. Жұмыстың екі бағыты бойынша нормативті база, кадр дайындау, және де күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады», - деді А.Жұмағалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жол құрылысы саласында капиталды шығындарды азайту мен жаңа технологияларды енгізе отырып сапаны арттыруда жасалып жатқан жұмыстардың әлсіздігін сынаған болатын.

Осыған орай, ведомство басшысының айтуынша, барлық жұмыстар жоспар бойынша орындалуда. 40 сынау учаскесіне автожол жобалары енгізілген: асфальт  сапасын арттыру үшін асфальт бетонына полимерлі қосынды қосу; өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескеруде: асфальт сапасы мен тегістік үшін асфальт ауырлатқыш; қызмет көрсетуді 30 жылға дейін жеткізу мақсатында цемент-бетон қаптамасы және т.б.

 


 

 




Яндекс.Метрика