Тұрақсыз әлемдегі Gglobal Қазақстан

Қарағанды облысында G-global бойынша геосаясаттың жаңа форматы талқыланды

Қарағанды облысында «G-global – геосаясаттың жаңа форматы» тақырыбында қоғамдық форум өтті. Кездесу қорытындысы бойынша, қатысушылар облыс тұрғындарын G-global форматындағы жаһандық жаңа архитектура ұстанымдарын іске асыруда белсенділік танытуға шақыратын резолюция қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды21 Қазан , 14:24

«G-global жобасы қызығушлылық танытқан елдердің, халықаралық ұйымдардың, сараптама орталарының, әлемдік бизнес, білім беру мен ғылым қауымдастықтарының жан-жақты қарым-қатынастарының жаңа форматын таныстырады. Бүгін біз сіздермен бірге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған осы идеясының әлемдік дәрежеде өте жоғарғы деңгейде қолдау тапқанына куә болып отырмыз», - деді форумға қатысқан облыс әкімі Бауыржан Әбдішев.

Шараға ғалымдар, мәслихат депутаттары, ірі өнеркәсіп кәсіпкерліктерінің қызметкерлері мен жетекшілері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар ұйымдары өкілдері, экономистер, саясаттанушылар, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

 

 

 




Яндекс.Метрика