Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

ҚР-да астық экспортының 46%-ы Орта Азия елдеріне жөнелтіледі

ҚР-да астық экспортының 46%-ы Орта Азия елдеріне жөнелтіледі, деп мәлімдеді «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ жетекшісі Нұрлан Оспанов.
Казахстан21 Қазан , 13:58

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ жетекшісі Нұрлан Оспановтың айтуынша, биылғы жылғы жалпы астық көлемі 20 млн тоннаны құраған. Оның 76,5 пайызы бидай, қалғандары арпа және өзге де дақылдарды құрайды. Қазақстандық астық экспорты көрсеткішіне қарасақ, 2011-2012 жылдары 46 пайыздан астам экспорт Орта Азия елдеріне жөнелтілген.

Бұл ретте 12% Әзірбайжанға және шамамен 30% Қара теңіз портына жіберілген. Сонымен қатар отандық астық Ресей, Қытай мен Иранға да тасымалданады.

Н.Оспановтың мәлімдеуінше, бүгінде республиканың әр өңірінен 200 ден 20 000 гектарға дейін егістік алқабы бар 56 шағын және орта шаруашылық иелері қатысады.

Солардың ішінде көпшілігі, яғни шамамен 75%-ы 5 000 га егімтікке иелік ететін шағын шаруашылықтар.

Айта кету керек, үш сағатқа созылған шара барысында қатысушылар сатып алу бағасы механизмін орнату мен отандық астық инфраструктурасы жағдайынан бастап Біріңғай астық холдингі мен әлемдік астық нарығындағы Қазақстанның болашағы мәселелерін талқылады. Азық-түлік корпорациясы Басқарма төрағасы Нұрлан Оспанов бастаған корпорация өкілдері журналистерге компанияның қызметі мен астықты сақтау мен сату ретімен таныстырды.

 




Яндекс.Метрика