Президент тапсырмаларының орындалуы

2013 жылы 6 мың шақырымға жуық автожол жөнделді – А. Жұмағалиев

2013 жылы 5900 км автожол жөнделді, оның 3500 шақырымы республикалық жүйе құрамына енеді. Бұл жайында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы21 Қазан , 14:08

«2013 жылы 5900 автожол жөндеуден өтті, оның 3500 республикалық жүйедегі жолдар. Оған қоса, 2300 автожол қайта жаңғыртылды», - деді Көлік және коммуникация қызметінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 11 қазан күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жол құрылысын сынға алған болатын.

«Біздің жолдар құйылғаннан кейін бір жылдасын жөндеуді қажет етіп тұрады. Оның ішіне Елорданың да тас жолы кіреді. Қорытындысында, 144 елдің ішінен жолдың сапалығы бойынша 117 орынды алып отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.

 Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірлеп жатқан Көлік инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында біз 2020 жылға қарай еліміздегі жалпы қолданыстағы жолдардың 78%-ын жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізетін боламыз. Сондай-ақ 29 000 км астам жолды жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етеміз.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика