Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

ҚР Қарулы Күштерінің әскерилері психологиялық тұрақтылықтарын байқатады

Бүгін, 21 қазан Астанадағы десантты-шабуылдаушылар бригадасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері офицер-психологтарының жиыны басталды. Әскер түрінің барлық бөлімдері мен құрылымдарынан жиналған жүзге жуық психолог үш күн бойы өздерінің психологиялық төзімділіктерін көрсететін болады, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы21 Қазан , 14:04

«Офицерлер алғаш рет стресстік жағдайдағы өзін-өзі бақылау әдістері мен жеке құрамның психологиялық дайындық әдістерін тәжірибе түрінде пысықтайды. Дені әйел әскери қызметшілерден тұратын әскери психологтар танк штурвалына отырып, от пен судан тұратын түрлі кедергілерді жүріп өтеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, жиын шеңберінде жауынгерлік жағдайдағы жедел психологиялық диагностика көрсететін және қажетті психолгиялық жәрдем жасайтын нүктелер ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, жиынға қатысушыларды болуы мүмкін психогендік шығындарды анықтап, олардың алдын алуға үйретеді.

Аталған іс-шара әскери қызметшілердің ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік дайындығын жетілдіру мен қалыптастыру үшін жыл сайын өтіп тұрады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика