Сыртқы саясат

Минскіде ТМД елдерінің Мемлекет басшылары Кеңесінің отырысы өтеді

ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің отырысы 25 қазанда Минскіде өтеді. Отырыстың күн тәртібі жобасында түрлі салаларда әріптестікті регламенттейтін 17 құжат бар, деп хабарлайды ТМД Орындаушы комитетінің баспасөз қызметі.
Әлемде21 Қазан , 13:52

Отырыста 2015 жылды 1941-1945 жылдардағы ҰОС ардагерлері жылы деп жариялау – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында кеңес елдері жеңісінің 70 жылдығын тойлау және осы мерейтойға құрылған бірыңғай мерейтой сыйлықтары туралы мәселелер қарастырылмақ.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар 2014 жылды ТМД-да Туризм жылы ретінде жариялау мәселесін де талқылайды. Бұл өз кезегінде ТМД елдері арасында туристік салалардың әріптестігін қалыптастыруы тиіс.

Бұдан бөлек Қазақстанның Алматы қаласы мен Қырғызстанның Ош қаласын 2014 жылы Достастықтың мәдени астасы етіп жариялау қарастырылуда.

Мемлекет басшылары ТМД жоғарғы жарғы органдары шешімін іске асыру бойынша ТМД елдері Ассамблеясы Парламентаралық қызмет жөніндегі мәселелерін де қарастыруды жоспарлауда.

Қорғанысты қамтамасыз ету саласында терроризм мен өзге де экстремизмнің зорлық көрсету істері, қылмыспен күрес, есірткі заттарын, психотропты заттарды  заңсыз тасымалдау, наркомания, адам саудасымен күрес бойынша бірқатар халықаралық мақсатты бағдарлама қабылданбақ.

ТМД елдері басшылары информациялық технологияларды қолдана отырып жасалатын қылмыстарға қарсы күрес Тұжырымдамасын талқылайды деп күтілуде.




Яндекс.Метрика