«МЕҰ әлеуметтік жобаларын қаржыландыру 2013 жылы 128,4 млн теңгені құрады. Оның ішінде облыстық бюджеттен 98,9 млн теңге, аудандық және қалалық бюджеттен 29,5 млн теңге бөлінді. Бұл 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 23,6 млн теңгегег жоғары», - деп хабарламада нақтыланған.
Әкімдіктің мәліметінше, МЕҰ 72 пайызы облыста, 28 пайызы ауданда шоғырланған.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 645 мемлекеттік емес ұйым тіркелген.