Үкімет

ҚР Үкіметі Басшысы «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының бір бөлігін көрді

Қостанай облысына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолы құрылысының салынып жатқан бөлігін көрді.
Қостанай 21 Қазан, 12:50

«Арқалық-Шұбаркөл» темір жол бұтағы да «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жолы сияқты Жезқазған-Арқалық өңірін дамыту үшін ғана емес, тұтастай алғанда жалпы еліміз үшін стратегиялық маңызды мәселе болып табылады. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, экономиканың бәсекеге қаблеттілігін елеулі түрде көтеріп, Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырады.

«Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының жалпы ұзындығы 214 шақырым. Қазіргі кезде мұнда жер қабаттарына құм-тастар төсеу, көпірлер мен жол өткелдерін, су жүретін құбырларды монтаждау бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Моноқала арқылы өтетін осынау жаңа темір жол бұтағы оны транзиттік жолға айналдырады. 

Премьер-Министр темір жол құрылысының барысымен танысып, салынып жатқан инфрақұрылымдық нысандарды көрді және бұл жобаны жүзеге асыру мерзімін сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Жол құрылысында соңғы үлгідегі қазіргі заманғы технологиялар қолданылуда. Бұл жол аймаққа жаңа тіршілік әкеледі, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылатын болады»,-деді Үкімет басшысы.

 





Яндекс.Метрика