Президент тапсырмаларының орындалуы

Автомобиль жолдары комитеті мердігерлерді іріктеу ісіне араласпайды-А. Жұмағалиев

Автомобиль жолдары комитеті мердігерлерді іріктеу ісіне араласпайды, деп Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Көлік және Коммуникация министрі мәлімдеді.
Астана қаласы21 Қазан , 12:55

«Автожол саласындағы ең басты проблема ол – басқару құрылымы мен заңнаманың шикілігі. Осының салдарынан жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық қаупінің көрініс беруі туралы жиі айтылып жүр. Оған басты себеп – бақылау функцияларының бір жерге топтастырылғаны, яғни Автомобиль жолдары комитеті өзі тапсырыс береді, өзі бақылайды, өзі жұмысты қабылдайды», - деп жазбада  нақтыланған.

«Біз өткен жылы мұндай басқару құрылымын түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдадық және қызметтерді қайта бөлдік. Нәтижесінде Автомобиль жолдары комитетінде стратегиялық жоспарлау, нормативтік және ғылыми қамтамасыз ету, сапа сараптамасын ұйымдастыру қызметтері ғана қалды. Комитет ендігі жерде қандай жолдарға қашан жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жоспарлайды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасын бақылайды. Ал, конкурстарды ұйымдастыру, мердігерлерді анықтау, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарымен "Қазавтожол АҚ айналысатын болады. Бірақ, олар салынған жолдарды қабылдамайды, жүргізілген құрылыс жұмыстарын FIDIC халықаралық ережелері негізінде жұмыс істейтін арнайы инженерлік қызметтер қабылдайды», - деп А.Жұмағалиев өз жазбасында атап өткен.

 Бұл ережелер  "Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің құрылысы барысында да қолданды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика