Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанда шағын кемелерді тіркеу қызметі 2013 жылдың соңына дейін автоматтандырылады

Қазақстанда су көлігі саласында шағын кемелерді тіркеу (қайықтар және гидроциклдер) және оларды басқаруға құқық беретін куәлік беру қызметтері 2013 жылдың соңына дейін автоматтандырылады, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан21 Қазан , 12:47

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру маңызды. Себебі, су көліктерін тіркеу кезінде Көлік және коммуникация министрлігінің аймақтық бөлімдері тарапынан жіберілетін бұзушылықтарды  болдырмау үшін қажет. Қызмет автоматтандырылған соң, қызметті алуға өтінімді электрондық үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы беруге болады», - деп хабарламада нақтыланған.

2013 жылдың 9 айы бойынша Көлік және коммуникация министрлігінің аймақтық органдары 3477  рет кемелерге  тексеру жүргізіп,  1012 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған,  4,9 млн. теңгеге айыппұл салған.

Су көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Арлан Закарьяновтың айтуынша, қазақстандық кеме жүргізушілерге  негізінен кемелерді рұқсат құжатынсыз басқарғаны, кемелерін техникалық  байқаудан өткізбегені  немесе кемелерді  тіркемегені үшін айыппұл салады екен. «Флоттағы апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларымыз бар. Осы шараларға сәйкес, алдын-алу шараларын жүргіземіз, БАҚ арқылы заңнамаларды  түсіндіреміз,  бақылау шараларын жүргіземіз. Бұл іс-шаралардың барлығы бірінші кезекте, кеме жүргізушілерінің заң бұзушылықтарға жол бермеуіне бағытталғанын айтып өту керек».

Кемелер мен кеме жүзеті су жолдарын бақылау шараларын  күшейтудің арқасында қазақстандық флоттағы апатты  жағдайлар  2013 жылдың 9 айында  2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18-ден 13-ке дейін азайып отыр.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика