Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Павлодар облысының Панфолов ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар21 Қазан , 12:45

576 шаршы метрді алып жатқан мекемеде гинеколог, стоматолог, күндізгі стационар, изолятор және аптекалық пункт бар.

«Панфилов ауылының 2500 тұрғыны сапалы алғашқы санитарлық көмекті ұзақ мерзім бойы алуда. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бойынша республикалық бюджеттен 141 млн теңге бөлінген болатын», - деп хабарламада жазылған.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушылары мекеменің құрылысына қатысты.

 

 




Яндекс.Метрика