Жаңа кадрлық саясат

Елдегі ірі кадрлық ауыс-түйістер

ҚР Президенті бұйрығымен ҚР Парламенті Сенатының жаңа төрағасы, ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі мен Жоғарғы Сот төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Казахстан16 Қазан , 12:26

«ҚР Президенті бұйрығымен БҰҰ Бас хатшылысы орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болып тағайындалды. Мемлекет басшысының ұсынысымен оның кандидатурасы жоғарғы палата спикерлігіне ұсынылған болатын. Сенат депутаттары Елбасының ұсынысын бір ауыздан қабыл етті», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, Елбасының бұдан кейінгі бұйрығы ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Сот Кеңесі төрағалығына Бектас Бекназаровты тағайындау туралы.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот төрағасы болып бұрын ҚР Парламенті Сенатының спикері болған Қайрат Мәми тағайындалды.

Ақорданың баспасөз хатшылығы хабарлағандай, лауазымды орындарға жаңа қызметкерлерді тағайындай отырып, Н.Ә.Назарбаев елдегі барлық кадрлық ауыс-түйістер алда қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында орындалатынын мәлімдеді.

 

 

 




Яндекс.Метрика