Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Арқалық қаласындағы кәсіпорындарды аралады

Арқалыққа жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов 19 қазан күні Торғай боксит кен басқармасына барды. Үкімет басшысына кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру барысы және оны одан әрі дамыту жоспарлары туралы хабарлады.
Астана қаласы21 Қазан , 12:10

«Премьер-Министр жұмыс бағдарламасы бойынша Арқалық жылу энергетикалық компаниясының ЖЭО-ға барды. Мұнда С.Ахметов жылу энергетика орталығының жөндеу бағдарламаларын жүзеге асыру, ЖЭО-ның өңірді энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуге дайындығы барысымен танысты», - деп хабарламада нақтыланған.

Биыл жылу беру маусымына дайындық шеңберінде жоспарланған барлық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Жылу көздері мен жылу желілері жабдықтарын жөндеуге 132 млн. теңге бөлінді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту» бағдарламасы бойынша 1,41 км жылу желілерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Премьер-Министр сондай-ақ «Агроинтерқұс» кәсіпорнында болды. Индустрияландыру картасын жүзеге асырудың арқасында кәсіпорында жабдықтар жаңғыртылып, өндіріс технологиясы жетілдірілді. Осының бәрі құс фабрикасына болашақта толық қуатқа еніп, жылына 300 млн. астам жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді. 

2013-2015 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Кешенді жоспары шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Бұның қатарына ұн комбинаты, жем азығы зауыты, мал шаруашылығы кешені құрылыстары кіреді. Тұтастай алғанда, Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 2013 жылға республикалық бюджеттен 580 миллионнан астам теңге бөлінді.

 

 




Яндекс.Метрика