Жаңа қазақстандық патриотизм

Әскерилердің имиджін қалыптастыруды мектептен бастау керек – Қорғаныс министрлігі

ҚР-да әскерилердің имиджін қалыптастыруды мектеп пәндерінен бастап, әскери бөлімшелерде ашық есік күнін жариялау керек, деп мәлімдеді ҚР ӘІ Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов.
Шығыс Қазақстан 21 Қазан, 09:20

ҚР ӘІ Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов Өскемендегі бөлімше командирлерінің жиналысында әскери-патриоттық тәрбиеде мектеп оқушыларымен жұмыс істеудің маңызы мен әскерилердің имиджін қалыптастыру туралы айтты. Ол үшін әскерилер мектептерді жиі аралап, бөлімшелерде ашық есік күнін ұйымдастыруы керек. Сонда мектеп оқушыларының әскери өмірге деген қызығушылықтары арта түспек.

Сонымен қатар ақпараттық-насихат тобының жетекшілері қыс мезгіліне деген дайындық мәселесін пысықтады, жеке құрамның әскери дайындығы мен қысқы киімдер мәселесі қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы жұмысы ҚР Президентінің Қазақстан халқы Қарулы Күштеріне жолдауының іске асу барысын тексерудің басты қорғаныс ведомствасы мен «Шығыс» өңірлік командалық іс атқару ағымдағы жылдың 23 қазанына дейін жалғасады.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика